Preview

Еңбек гигиенасы және медициналық экология

Кеңейтілген іздеу
№ 3 (2018)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ШОЛУ

3-15 7
Аннотация

Шолу бабында еңбек медицинасы және кәсіби патология (Финляндия, Германия, АҚШ, Канада және т.б.) қызметін ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесінің талдауы жүргізілді. Еңбек медицинасы бойынша қызметтердің Еуропа елдерінде әр түрлі құрылымдары бар, бұл денсаулықты, әлеуметтік кепілдікті және қауіпсіздікті сақтау, азаматтарды сақтандыру сұрақтарын шешудегі түрлі тәсілдермен түсіндіріледі. ДСДҰ деректеріне сәйкес, еуропалық еңбек қорғау қызметі басқа жердегілерге қарағанда жақсы дамыған, себебі олар көп елдің денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесінің ажырамас маңызды элементі болып табылады.

ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ

16-25 2
Аннотация

Арал маңындағы елді мекендерде экологиялық жағдайларды кешенді бағалаудың жаңа әдістемелік тәсілі ұсынылды, оның деңгейі бойынша Жосалы к. қоршаған ортаның ластануы «дағдарыс» аймағына жатқызылған (4), бұл ҚР экологиялық жағдайларды бағалаудың принциптерімен сәйкес келеді.

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ

26-31 5
Аннотация

Мақалада ҚР индустриалды дамыған өңірлерінде тыныс алу органдарының қатерлі ісіктерінің себептері бойынша онкологиялық аурушаңдықтың және өлім – жітімнің бағасы берілді. Өкпе обырынан онкологиялық аурушаңдықтың және өлім – жітімнің ең жоғары деңгейі орташа республикалық көрсеткіштерді сәйкесінше 1,6 және 1,4 есе асырумен СҚО анықталды.

31-37 5
Аннотация

Алматы қ. соңғы 10 жылда (2007 – 2016 жж.) кәсіби аурушаңдықтың таралуының ретроспективті талдауы жүргізілді. Алматы қаласында АХЖ – 10 бойынша неғұрлым жиі кездесетін кәсіби жұқпалы аурулар, таралуы бойынша екінші орында құлақтың кәсіби аурулары, одан кейінгі орында тыныс алу органдарының кәсіби аурулары. 2007-2016 жылдар аралығында орташа көп жас көрсеткіштерін талдау барысында Алматы қаласында кәсіби аурулардың арасынан биологиялық факторлардың әсерінен туындаған аурулар тобы неғұрлым жиі кезедесетіні, физикалық факторлардың әсерінен туындаған аурулар сирек кездесетіні анықталды.

37-43 3
Аннотация

Мақалада Павлодар облысының Ақсу қаласындағы медициналықдемографиялық жағдайы туралы баяндалады. Халық санының динамикасы, туу деңгейі, өлім-жітім (жалпы, бала, ана) және табиғи өсім. Орташа мәндерді салыстырмалы талдау және олардың 5 жылдық кезеңдегі динамикасы жүргізілді.

43-49 1
Аннотация

Қоршаған ортаның қолайсыз әсерінің жағдайында тұратын тұрғындарға психофизиолгиялық және жүрек жиілігінің түрленгіштігінің кешенді бағасы жургүзілді. Зерттеу нәтижесінде вегетативті реттеу жүйесіне айқын күш түсуі, стресс – индексінің және жоғары жиіліктегі тыныс алу толқындарының жоғарлауы, баяу толқындардың төмендеуі анықталды Астениялық синдромның құрылымдық өзерістері, күйзеліс деңгейі мен тежелу бұзылыстары байқалды.

49-54 9
Аннотация

Мақалада "KEGOC" энергетикалық кәсіпорын жұмыскерлерінің уақытша еңбекке қабілеттіліктің жоғалуынан болатын сырқаттанушылықтың талдау нәтижелері берілген. Зерттеуді жүргізу барысында сүйек-бұлшық ет жүйесінің аурулар жіктелімі бойынша 2011-2013 жылдары тіркелген жағдайлар мен күндерімен өсу тенденциясы байқалды. Анықталған саны ең көп жағдайларды остеохондроз, артроздар екені анықталған.

КӘСІПТІК ПАТОЛОГИЯ

55-65 3
Аннотация

Жұмыс ауысымы ішінде кемінде 4 сағат компьютер әсерінің жағдайында жұмыс істейтіндерде метаболикалық синдромды (МС) түзетудің кешенді бағдарламасында тағамға биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) Астаксантин+Омега-3 +Омега-6 +Йод (АООЙ) тиімділігі және қауіпсіздігі зерттелді. Жағымсыз реакциялардың жоқтығы, девианттік тағамдық мінез – құлықтың қалыпқа келуі, күйзеліс деңгейінің, систоликалық және диастоликалық артериялық қан қысымының, аспартатаминотрансферазаның төмендеуі анықталды.

65-75 2
Аннотация

Априорлық тәуекелдердің, «Қазақмыс» АҚ № 1,2 ЖБФ жұмыс істейтін, конвейер машинистінің кәсіби денсаулығының және кәсіби жарамдылығының мониторингі жүргізілді. Конвейер машинисті үшін медициналық – биологиялық көрсеткіштер бойынша жарамдылықтың барабар бейнеленуі жұмыстың 12 жыл «қауіпсіз еңбек өтілі» болып табылды.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР



ISSN 1727-9712 (Print)