БАСТЫ МАҚАЛАЛАР
ШОЛУ
Мақалада өнеркәсіптік ғимараттардағы микроклимат параметрлерін бағалаудың сұрақтары және олардың жұмыс істейтін халықтың денсаулығына әсері қарастырылады.
ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ
Қазақстан Республикасының Қарағанды облысындағы «KEGOC» АҚ ЦМЭС электрлік қосалқы станцияларындағы электромагнитті сәулелердің таралуын табиғи зерттеулер туралы мақала.
Қарағанды облысы бойынша «KEGOC» АҚ кәсіпорнының Орталық жүйе аралық электрлік желісінің 500 кВ 2 қосалқы станциясының негізгі жұмыс мамандығында еңбек процесінің факторын бағалау бойынша жүргізілген зерттеулер қосалқы станцияларға қызмет көрсетулер бойынша инженерлер мен электрмонтерлердің еңбек сипаты еңбек процесінің ауырлығы бойынша рұқсат етілген класқа сәйкес келгенін және еңбек сипатының, эмоционалдық жүктемелердің және еңбек режимінің (тәуліктің түнгі уақытында жұмыс істеумен еңбек режимі 12 сағат) факторларының есебінен 1 деңгейдің 1 классының қызу болғанын көрсетті. Әуе желілерінің электрмонтерларында еңбек ауырлығы 3.1 классына сәйкес болды, мойын, иық белдеуінің және қол бұлшықеттеріне аймақтық жүктемелердің әсерінен және келесі көрсеткіштер – жұмыс мазмұны, тапсырманың күрделік деңгейі бойынша функцияларды бөлу, өз қызметінің қорытындылары үшін жауапкершіліктің деңгейі, қателіктің маңыздылығы, өз өмірі үшін қауіп деңгейі, басқа тұлғалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік деңгейі, жұмыс күнінің деректі ұзақтығы бойынша еңбек қызуы 3.1 классына жатқызылды.
Башқұртстан Республикасының аумағында пайдалы қазбаларды өндірумен айналасатын негізгі мамандықтар жұмыскерлерінің еңбек жағдайлары талданды. Олардың жетекші қолайсыз факторларлары өндірістік шу, діріл, ауырлық және еңбек кернеулігі болып табылатыны анықталды. Жұмыскерлердің тексерілген кәсіби топтарында зияндылық және өндірістік факторлардың қауіптілік деңгейі бойынша «орташа-жоғарыдан жоғары»-дан «орташаға» дейін (3.2 – 3.4 класстары) кәсіби қауіп деңгейін көрсетеді.
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ
Арал өңірі тұрғындары арасында психо-эмоционалды бұзылыстардың таралуын зерттеу нәтижелері ұсынылған. Экологиялық апат жағдайында тұратын тұрғындар арасында жүйке жүйесінде патологиялық ауытқулары анықталған. Барлық зерттелушілердің эмоционалды күйзелісін, көңіл-күй бұзылыстарын анықтау үшін Спилберг Ханин тестісі (реактивті және тұлғалық күйзеліс баллмен) жүргізілген.
Арал өңірінің қазақстандық бөлігіндегі экологиялық апат аумағында тұратын әйелдердің шеткі қан көрсеткіштерінің атмосфералық ауасының қалқымалы заттарының (РМ10 және РМ2,5) әсерінен өзгеруі қарастырылды. Тексерілген әйелдердің арасында эритроциттер қатарында өзгерістер анықталды және бұл белгілердің таралуы көрсетілді. Атмосфералық ауадағы қалқымалы заттар (РМ10 и РМ2,5) мен қан көрсеткіштері арасында корреляциялық байланыс көрсетілді.
КӘСІПТІК ПАТОЛОГИЯ
Химиялық оргсинтез кәсіпорнында (акрил қышқылының нитрилін, натрийдің цианидін және ілеспе өнімдерді өндіру) өндірістік процестердің гигиеналық мінездемесі, негізгі өндірістерде еңбек шарттарын талдау және кезекті медициналық тексерістердің қорытындылары бойынша олардың жұмыскерлердің денсаулық жағдайына әсерін бағалаудың қорытындылары ұсынылды. Кәсіпорынның штаттық жұмысының шартында және гигиеналық, ұйымдастырушылық – техникалық және медициналық – профилактикалық іс – шаралардың барабар жүйесінде еңбек шарттарымен қауымдасқан аурулардың даму қаупі төмендегені көрсетіледі.
2015-2017 жж. Новосібір облысында алдын ала және кезекті медициналық тексерістердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау қорытындыларының талдауы жүргізілді. Әдеттегі бұзушылықтар анықталды. Оларды жою үшін жолдар ұсынылды.