БАСТЫ МАҚАЛАЛАР
Жарақаттанушылық тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемде қазіргі заманғы өзекті медициналық-әлеуметтік проблема болып отыр. Қазіргі таңда, әлемнің экономикасы дамыған елдерінде халықтың жарақаттануы үшінші орында тұр, оның ішінде еңбекке жарамды жастағы адамдардың жарақаттан қайтыс болуы жиі кездеседі. Әлемдегі жарақаттан болған барлық өлім-жітімнің төрттен бір бөлігін жол-көлік жарақаты құрайды.
ШОЛУ
Көрсетілген көрсеткіштердің негізінде, қаза болған әр адамға өмір жылдарын жоғалту коэффициенті бекітілді, ол 24,7 жылды құрайды (барлық жоғалған жылдар саны – 62373,8, жол-көлік апатынан қаза болған адамдардың саны 25215 құрайды). Сонымен, жүргізілген зерттеулер негізінде келесі қорытындыны шығаруға болады: көлік апатынан қайтыс болған адамдардың орташа жасы ерлер арасында – 35 жас, әйелдер арасында - 38 жас құрайды. Ал, өлім-жітімнің көбін еңбекке жарамды 20-49 жастағы адамдар алып отыр.
ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ
Мақалада Башқұртстан мен Қазақстан Республикаларының тау-кен аумағының жер үсті және жер асты суларының жағдайын экологиялық-гигиеналық бағалау ұсынылды. Халықтың тұрмыстық-шаруашылық мұқтаждықтары үшін пайдаланылатын суаттарда марганец, темір, мырыш және мыстың жоғары көрсеткіштері сипатталады. Сумен қамтамасыз ету орталықтандырылмаған кейбір аумақтарда су гигиеналық талаптарға сай емес және судың кермектігі жоғары, құрамында темір, кальций, нитраттың жоғары болуымен сипатталады.
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ
Бұл мақалада Риддер қаласының 2004-2013 жылдар аралығындағы экологиялық жағдайы сипатталған. Риддер қаласының ауыз суының, ашық су қоймалары суларының, атмосфералық ауасының, топырағының жағдайының сипаты берілген. Зерттелген кезеңдегі атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары саналады және ауа сапасының 3-ші дәрежесіне жатады. Ашық су қоймаларының суы орташа ластанған және су сапасының 3 классына жатады. Риддер қаласының ауыз суы таза және су сапасының 2 классына жатады. Топырақта барлық ластаушы заттар шектелген зиянсыз концентрациядан аспайды.
Бұл мақалада Осакаровка кентінің жылдың суық мезгіліндегі климаттық параметрлерінің қысқа мерзімді зерттеулері көрсетілген. Зерттелген жыл мезгілінде қоршаған ортаның ауа температурасы 8°C-қа, ауа ылғалдылығы 78%-дан 96%-ға дейін және желдің жылдамдығы 9 м/с жоғары ауытқығаны көрсетілген.
Мақалада Ақмола облысы Есіл қаласының топырақ жамылғысының ластануына баға берілген. Топырақтың құрамында мыс 6,08, хлоридтер 6,36 ШРЕК, мырыш 0,47 ШРЕК құрады. Топырақта мыс пен мырыш қауіптілік класының 2-ші, хлоридтер 4-ші класына жатады. Жоғарыда аталған химиялық заттардың кешенді әсері адам ағзасына қолайсыз жағдай туғызады. Мыс пен мырыш ағзаға түсу барысында ең алдымен тыныс алу ағзаларының ауруларын тудырып, тыныс алу жолдарына әсер етеді.
Қауіпті аймаққа жататын Арал аймағындағы тұрғындардың қан құрамынан селен мөлшерін анықтау бойынша зерттеу нәтижелері берілді. Ересек адамдар мен жасөспірімдердің қанынан селен концентрациясының төмендігі анықталды. Селен құрамының азаюы экологиялық ескерту ретінде тұрғындар арасында қауіп тобын құру қажеттілігін көрсетеді.
Мақалада Арал маңындағы ересек адамдардың жүрек-қан тамырлар жүйесі тексерістерінің қорытындысы берілген. Жүрек-қан тамырлар жүйесінің негізгі сипаты және олардың Арал маңы аумағында кең таралу көрсеткіштері анықталды.
Мақалада Қарағанды облысы Ұлытау кентінің тексерілген тұрғындары арасында денсаулық жағдайын субъективті бағалау бойынша мәліметтер берілген. Сауалнама деректерін жүйелеу барысында: бірінші орында тыныс алу жүйесі ауруларына шағымдар, екінші орында ас қорыту жүйесі ауруларына шағымдар және үшінші орында жүрек-қан тамыр ауруларына шағымдар анықталды.
Мақала Арал маңында тұратын ересек тұрғындардың бастапқы мүгедектігінің көрсеткіштерін зерттеуге арналды. Қоршаған ортаның зиянды факторлары денсаулыққа жағымсыз әсер етеді, созылмалы ауруларды тудырып, ақыр соңында мүге-дектікке әкеледі. Ересек тұрғындар мүгедектігінің деңгейі мен құрылымына 2008-2013ж.ж. аралығында ретроспективтік талдау жүргізілді. Зерттелген тұрғындардың арасында, ересек мүгедектердің басым бөлігі 80,2% құрып Ұлытау ауданында табылды. Ересек тұрғындарының мүгедектерінің жасы мен жынысы бойынша құрылымы, ерлер тобының басым мүгедектігін анықтады. Бастапқы мүгедектің салыстырмалы көрсеткіштерінің төмендеуін Жаңаарқа ауданындағы динамикасы көрсетті. Шалқар ауданында тұрақты динамика көрсеткіші тіркелген, 2011 жылы Ырғыз ауданында ең жоғарғы көрсеткіш тіркелген, 2008 жылы Арыс ауданында және 2009 жылы Ұлытау ауданында максимумына жетті. Осылайша, зерт-телген аймақтарда еңбек жасындағы мүгедектер, негізгі себептерінің шартты эко-логиялық ауруларға шалдығу назар аударады.
Жеке зерттеулердің нәтижесі бойынша Риддер қаласында топырақтың ластану индексі орташа есеппен 9,6 ш.б., ал Глубокое кентінде 9,7 ш.б. құрады, бұл ластанудың төмен деңгейін көрсетеді. Быструха өз. түбіндегі шөгінділердің ластану индексі ZС 0,7 ш.б., Хареузовка өз. - 0,09 ш.б. құрады, яғни топырақ ластанбаған. Ертіс өз. - 2,05 ш.б., Глубочанка өз. - 1,7 ш.б., бұл ластанудың төмен деңгейін көрсетеді.
Арал маңы қауіпті аймағында тұратын ересек тұрғындардың қанына микроэлементтік сараптама жасалынды. Зерттеулер бойынша ағзаларынан теңгерімсіздік анықталды, яғни мыстың шамадан тыс көп болуы және мырыш, селен, йодтың шамадан тыс төмен болғандығы анықталған. Қанның микроэлементтік құрамының бұзылуы әр түрлі экологиялық шарттылығы бар аурулардың пайда болуы мүмкін екендігін айтады.
Мақалада Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы көлік ағынының жылдамдығы мен қарқынына сәйкес қалалық шу параметрлері баяндалады.
Мақалада қоршаған орта объектілерін (табиғи су, топырақ) химиялық заттармен ластану деңгейін сандық бағалау бойынша жеке зерттеулер нәтижелері көрсетілген. Ырғыз өзенінің суы «орташа» ластанған, сапасы үшінші деңгейіне жатады, топырақ жамылғысы «ластанбаған» деңгейіне жатады.
Биохимиялық және гематологиялық зерттеу әдістерін қолданып шыныталшықтар өндірісінің жұмыскерлеріне жүргізілген кешенді зертханалық зерттеулердің нәтижелері ұсынылды. Тотықтандырғыштық зат алмасу процесінде (каталаза белсенділігінің төмендеуі, малондық диальдегид деңгейінің көтерілуі) және қан сарысуының липидтік алмасу көрсеткіштері деңгейінде ерте және айқын көрсетілген өзгертулер анықталды. Өндірістегі еңбек өтілімінің өсуімен көрсеткіштер деректері бойынша бұзылулары бар тұлғалардың артқаны анықталды. Зерттелген зертханалық тесттерден диагностикалық сезімталдық коэффиценттері анықталды. Алынған нәтижелер негізінде зертханалық маркерлер дәлелденді, оны шыныталшықтар өндірісінің жұмыскерлерінде клиникаға дейінгі бұзылуларды диагностикалау үшін қолданған дұрыс.
Мақала Арал маңында тұратын жасөспірімдердің аурушаңдық көрсеткіштерін баяндайды. Қазіргі таңда адам денсаулығының туған жеріне байланысты екені белгілі. Адам денсаулығының төмендеуіне және созылмалы аурулардың пайда болуына маңайындағы қолайсыз факторлар ықпал етеді. Бұл мәселе әлеуметтік салдарға, мүгедектік және өлімге әкеліп тіріледі. Басқаша айтқанда, жасөспірімдер мүгедектігінің көбеюі, өлім көрсеткіштерінің жоғарылауы қомақты экономикалық шығынға әкеледі.
ТОКСИКОЛОГИЯ
Полимерлік гидрогельдер су және сулы ертінділерде тепе-тең ісіну қабілетіне ие полимерлердің ерекше тобы болып табылады. Олар табиғи және синтетикалық болады. Мақалада тәжірибе жағдайында полиэтиленгликольмалеинатқа токсикологиялық баға берілді.
ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
Сальмонеллез тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемде қазіргі таңда ішек аурулары арасында таралуы бойынша бірінші орында тұр. S.typhimurium, S.newport, S.virchow қоздырғыштары тудыратын сальмонеллез көбінесе ауа-райының жылы кезеңдерінде тіркелген (сәуір айынан қыркүйек айына дейін), ошақтар кездейсоқ пайда болады. Бұл сырқатпен негізінен үлкен кісілер ғана ауырған. С тобының сальмонеллары 20,8% құрайды. Бұл топ көбінесе S.newport, S.virchow түрлерімен көрсетілді. С тобының сальмонеллездері маусымдық кезеңдікпен ерекшеленеді.