Preview

Еңбек гигиенасы және медициналық экология

Кеңейтілген іздеу
№ 1 (2017)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ШОЛУ

3-11 28
Аннотация

   Дербестендірілген алдын алу жанамалас ауруларға, оның ішінде басты инфекциялық емес ауруларға жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттырады, бірінші кезекте атеросклероз, гипертониялық аурулар, онкологиялық аурулар, қант диабеті аурулары. Инфекциялық емес ауруларды қалыптастыру себебі экологиялық жағдайдың бұзылуы ғана емес, сонымен қатар адам ағзасының бұзатын факторларға жоғары сезімталдығы болып табылады. Дербестендірілген алдын алуға гендердің полиморфизмін анықтаумен адам ағзасының бейімделу қабылеті, жеке профилактикалық схеманы әзірлеу үшін қоршаған ортаның жанамалас факторларының өзгеру мәселелерін зерттеу жатады.

11-16 36
Аннотация

   Мақалада ауа райының адам ағзасына әсері және оны бағалауға әдеби шолу көздері қарастырылды.

ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ

17-22 29
Аннотация

   Мұнай өндіру өнеркәсібінде қызмет атқаратын бұрғылаушы мен оның көмекшілерінің еңбек жағдайы зерттелген. Кәсіптік топтар бұрғылаушы мен оның көмекшілері үшін еңбек жағдайының қауіптілігі мен зияндылық дәрежесіне гигиеналық баға беру кәсіптік қауіптің априорлық санатының (3.3 - 3.4 класстар) жоғары екенін көрсетті.

22-29 41
Аннотация

   Тау-кен өнеркәсіп фабрикаларында жұмыс істейтін әйелдердің еңбек жағдайлары кешенді еңбек процесі мен жұмыс орта факторларының әсер етуімен сипатталады. Негізгі өндірістік факторларға полиметалл кендерінің шаңы, химиялық заттар (ксантогенат бутил калий, көміртек дисульфиді және бутанол), өнеркәсіптік шу, жұмыстың ауырлығы жатады. Әйел жұмыскерлердің жалпы еңбек жағдайы 3.1-3.2 класына сәйкес келеді, бұл оның соматикалық және репродуктивтік денсаулық жағдайына әсер етуі мүмкін.

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ

30-34 30
Аннотация

   Мақалада Калачи кенті тұрғындарының жүйке жүйесінің жағдайына ластанған қоршаған ортаның әсер ету нәтижелері туралы баяндалған.

34-38 26
Аннотация

   Есіл қаласында мыстың көлемі 6,34 және хлоридтердің көлемі 6,49 ШРК еселігін көрсетті. Топырақтардың ауыр металдармен суммарлық ластану индексі ZC 0,1 ш. б. құрады, топырақ ластанбаған. Игілік кентіндегі топырақта мыстың көлемі 3 және хлоридтердің көлемі 1,53 ШРК еселігін құрады. ZC 0,1 ш. б. құрады, топырақ ластанбаған.

38-43 27
Аннотация

   Арал – өңірі территориясяының климаттық аймақтары 1992 жылмен салыс-тырғанда өзгеріске ие болды. 2004 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі Қазгидромет деректерін талдау бойынша Арал қаласының апат аймағынан қатты тітіркендіргіш аймағына (дағдарыс аймағы) ауысқандығы көрсетілді. Әйтеке би кенті мен Шалқар қаласы апат аймағынан әлсіз тітіркендіргіш аймағына (ауыр аймақ) өтті. Жосалы және Жалағаш кенттері дағдарыс аймағынан орташа тітіркендіргіш аймағына (сыни аймақ) өтті. Шиелі кенті бұрынғыдай дағдарыс аймағында қалды. Арыс қаласы және Ұлытау кенті дағдарысалды аймағынан апат аймағына ауысты. Бақылау аумағы - Атасу кенті дағдарыс аймағына жатқызылды.

43-46 25
Аннотация

   Ақмола облысының Игілік және Калачи кенттеріндегі ауыз су құрамында химиялық заттарды анықтау бойынша зертханалық талдау жұмыстары жүргізілді. Алынған зерттеу нәтижелері Игілік кентінде хлоридтердің ШРК 1,5 есе артқанын көрсетті, ал қалған химиялық заттар бойынша ШРК деңгейінен.

47-53 31
Аннотация

   Балқаш мыс байыту зауыты бойынша кәсіптік аурудың төмендігі анықталды, бұл жұмыскерлердің жалпы соматикалық аурулармен жалпы жүйе қатарына жатқызылуымен байланысты, ал олар кәсіптік ауру деп саналмайды. Кәсіптік ауруды анықтау үшін зиянды, қауіпті және қолайсыз еңбек жағдайында қызмет атқаратын тұлғаларға кәсіптік патология саласында білімі бар дәрігерлердің қатысуымен сапалы алдын-ала және мерзімдік қарап-тексерулерді жүргізу қажет. Зиянды еңбек жағдайында қызмет атқаратын тұлғаларға жүргізілген кәсіптік қарап-тексерулер деректері бойынша кәсіптік пен жалпы ауруларды алдын-алу мақсатында «жоғары қауіпті» топтары құрылуы қажет және оларға стационарлық медициналық оңалту іс-шаралары жүргізілуі және емханаға жатқызылуы тиіс.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР



ISSN 1727-9712 (Print)