ШОЛУ
Мақалада Қазақстан Республикасындағы урбанизацияланған өңірлердегі ауыз су мен су құрамының химиялық жағдайы қарастырылады.
ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ
Ауылшаруашылық механизаторы қызметі қолайсыз микроклиматтың кешенді әсер етуімен, жұмыс аумағы ауасының шаң-тозаң, химиялық заттармен ластануымен, шу мен діріл, шектен тыс ауыр жұмыстармен тығыз байланысты болып келеді. Жұмыс барысындағы механизатордың функционалдық жағдайы адам ағзасының бейімделу қабылеті мен түзету жүйесінің нашарлағаны туралы дәлеледейді. Қарап-тексерілген механизаторларда қартаюдың күрт артқаны және кәсіптік аурудың даму қаупінің өте жоғары деңгейі анықталды.
Қарағанды облысы бойынша жылдың жазғы маусымы бойынша, 500 кВ KEGOC АҚ кәсіпорнының орталық жүйеаралық электр желісіне 2 қосалқы станцияның басты жұмыс орындарындағы микроклиматтық параметрлерінің бағалауы бойынша жүргізілген зерттеулер микроклиматтық көрсеткіштер ауаның температурасы бойынша рұқсат етілген дәрежеге сай және ауаның қозғалысы мен салыстырмалы ылғалдылығы параметірінде елеусіз ауытқулар болғанын көрсетті. Нормалармен салыстырғанда қызметкерлердің бір бөлігі үшін жасанды жарықтандыру 66 лк. жеткіліксіздігі анықталды. Ауаның кондинцирленуіне және ғимараттың төмен желдетілуіне байланысты, төмен ылғалдылық ең алдымен қызметкерлердің денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ
Бел-омыртқа сырқаты бар кеншілердің омыртқа бойына тұрақты магниттер өрісі 70 және 95 мТс бір рет және 10 рет әсер еткенде жүйке-бұлшық ет жүйелерінің қызметі жақсарады. Жұлынның ішкі сегментарлық орталықтарының бір-бірімен қарым-қатынастарының өзгеруі, жұлын қызметінің жақсаруымен, бұлшық еттер биопотенциалының артуымен сипатталады.
Мақалада елімізде 40 жыл бойы атомды полигон сынақтары жүргізілген аймақтарға Шығыс Қазақстан, Павлодар мен Қарағанды облысының бірнеше аудандары кіретіні берілген. Сол кездегі рациация сынағына ұшыраған тұрғындардың ұрпақтары арасында қазір аурушаңдылық жыл сала арта түсуде. Біз Павлодар облысына қарасты Май кентінің ересек тұрғындарын зерттедік. Зерттеу қорытындысы бойынша эндокринді, жүрек қан тамыр жүйесі және қан мен қан жасау жүйесі аурулары жиі кездесті.
Мақала Башқұртстан Республикасында кәсіптік аурулардың жай-күйін талдау ұсынады. 2013-2015 жылдары ,. Елімізде алғаш рет кәсіби аурулар 463 жағдайлары табылған. Ең жоғары пайдалы қазбаларды өндіру үшін жұмыстарды тіркелген кәсіптік аурулардың деңгейі (10 мың адамға шаққанда 4.76. Қызметкерлер) және ауыл шаруашылығы (4.70 10 мың қызметкерлер). Бірінші кезекте құрылымында дене тиеу, ағзалар мен жүйелердің астам вольтты функциясы әсерінен кәсіби аурулар болып табылады.
Мақалада 2007-2016 жылдарға арналған Қостанай облысы бойынша кәсіптік аурушаңдылыққа талдау жүргізілді. Талдау жүргізу барысында, Қостанай облысында өндірістік кәсіпорындар санының көптігіне қарамастан, кәсіптік аурушаңдылықты анықтаудың төменгі дәрежесі анықталды. Осыған орай, қолайсыз, зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін халыққа мерзімдік және алдын-ала медициналық қарап-тексерулерді жүргізу сапасын арттыру қажет. Халыққа мерзімдік және алдын-ала медициналық қарап-тексерулерді жүргізу барысына қатысатын дәрігерлер кәсіптік жарамдылыққа сараптама мәселесі бойынша заңнамалар және нормативтік-құқықтық базасын, сонымен қатар кәсіптік патологияның түрлі аспектілеріне қатысты басқа да мәселелер туралы білімдерін тұрақты жетілдіріп және жүйелп отыру қажет.
Мақалада әлеуметтік маңызы бар аурулардың (туберкулез, қатерлі ісіктер және қан айналымы жүйесінің аурулары) салыстырмалы талдауы сипатталды. Талданған көрсеткіштер ретроспективі 2011 -2015 жылдар аралығында, 5 жылды құрды.