Preview

Еңбек гигиенасы және медициналық экология

Кеңейтілген іздеу
№ 4 (2016)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

БАСТЫ МАҚАЛАЛАР

3-14 7
Аннотация

Мақалада кәсіппен аурудың байланысына сараптама жүргізу барысында санитариялық-гигиеналық еңбек жағдайының маңыздылығы айтылады. Жұмыс-шылардың еңбек жағдайына берілген санитариялық-эпидемиологиялық сипаттама негізгі құжаттардың бірі болып табылады, оның негізінде кәсіппен аурудың байланысы туралы мәселелер шешіледі.

ШОЛУ

15-29 5
Аннотация

Мақалада экологиялық қолайсыз аймақтарда тұратын халықтың денсаулығына уранның түрлі нысандары және оның ыдырау өнімдерінің әсеріне байланысты ықтимал салдарына шолу берілді.

ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ

30-33 9
Аннотация

Мақалада Шымкент қаласы аумағының электромагниттік сәулеленудегі гигиеналық параметрлерін зерттеу нәтижесі берілді. Талдау кезінде алынған деректер мен зерттеулер нәтижелері көрсетілді. Электромагниттік сәулеленуде шекті-рұқсат етілген деңгейдегі шектен шығу тіркелмеген.

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ

34-40 7
Аннотация

Мақалада Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы мен Глубокое кентінің су объектілерінің ластануына баға берілген. Быструха өзенінде мырыш концен-трациясы ШРЕК 4,4, қорғасын ШРЕК 1,1 анықталды. Хареузовка өзенінде мы-рыш ШРЕК 1,8, қорғасын ШРЕК 1,2 артық көрсетті. Ертіс өзенінде мырыш кон-центрациясың деңгейі қалыпты жағдайдан 3,4 есе жоғары болды. Глубочанка өзені суында мырыш ШРЕК 5,6 есе көрсетті.

40-45 5
Аннотация

Мақалада Шымкент қаласында барлық стационарлық ластану көздерінен ластаушы заттардың мөлшеріне баға берілді, тазалау және қайта өңдеу көрсет-кіштері 10 жылдық (2004-2013 жж.) ретроспективтік талдаумен бағаланды.

45-49 8
Аннотация

Мақалада Шымкент қаласының барлық тұрақты ластау көздерінен шығатын ластаушы заттардың құрамына, қайта өндеу көрсеткіштеріне баға берілді. Ретроспективтік сараптама 2004-2013 жж. кезеңдегі 10 жылды құрды.

50-56 3
Аннотация

Мақалада Қызылорда облысы Арал қаласының медициналық қарау қорытындысы берілген. Медициналық қарау қорытындысы бойынша тұрғындар арасында аурушаңдықтың дамуы Қарағанды қаласы Атасу кентімен салыстырғанда өте жоғары. қан жасау жүйесі аурулары ішінен Арал қаласында анемияның 3,4 есе, артериальді гипертензия 7,2 есе, жүректің ишемиялық ауруымен тамыр атеросклерозы 12,7 есе, созылмалы гепатопатия мен қосарланған созылмалы тассыз холециститтің даму қаупі 15,6 есе Қарағанды облысы Атасу кентімен салыстырғанда жиі кездеседі.

57-63 7
Аннотация

Риддер қаласында жылдың жылы кезеңінде жүргізілген қысқаша мерзімдік зерттеулер нәтижелерінің метеорологиялық көрсеткіштері, зерттелген аумақтар климатының шұғыл континенттігін дәлелдейді. Жылдың жылы кезеңіндегі Риддер қаласындағы қоршаған орта ауасының климаттық параметрлерінің рұқсат етілген деңгейлері және бай табиғи ландшафты демалыс үшін қолайлы жағдай жасайды. Риддер қаласы аумағының климаттық тәртібі тікелей орман алқабы мен жергілікті жердің тау бедеріне, тұрғын үй құрылысы секторының орналасуына және су объектілерінің орналасқан жеріне байланысты.

64-70 5
Аннотация

Арал маңы елді мекені топырағының биологиялық факторлармен ластануын электрондық картаға түсіру, Жосалы кенті және Әйтеке-би кентінде олардың ең көп қарқындылығын және Шиелі кентінде кең таралуын анықтауға мүм-кіндік берді.

70-78 6
Аннотация

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, әлемдегі әрбір төртінші ауру қоршаған ортаның лас болуымен тікелей байланысты, іс жүзінде экологиялық факторлар әрбір аурудың патогенезіне теріс әсерін тигізеді. Елімізде Арал маңының экологиялық жағдайы әлі де күрделі болып қалуда және заң жүзінде экологиялық апатты аймақ болып саналады. Құрып бара жатқан Арал теңізінің мәселесі Орталық Азия аумағындағы орасан зор табиғаттың экологиялық апатты аймаққа айналуына себепші болуда. Мұндай экологиялық жағдай тұрғындардың денсаулық жағдайына теріс әсер етеді, және хромосомдық аберрациялар (ХА) ретінде көрініс табуы мүмкін.

79-84 5
Аннотация

Бұл мақалада Шымкент қаласының атмосфералық ауасына ретроспективті сараптама және баға берілді. Шымкент қаласында ретроспективті көрсеткіштер бойынша атмосфералық ауаның ластану деңгейі өте жоғары болды, сапаның 4 санатына жатады, АЛИ = 18,6 cәйкес келеді.

84-87 10
Аннотация

Арал өңіріндегі Ақтөбе облысының Ырғыз кенті мен Шалқар қаласы тұрғындарының психикалық денсаулығы жағдайын Қарағанды облысы Атасу ауылы тұрғындарының денсаулығымен салыстырмалы түрде бағалау.

88-93 8
Аннотация

Мақалада 2009-2013 жылдар аралығында Шымкент қаласы мен Ақсу-кент кенті бойынша метеорологиялық параметрлеріне ретроспективтік талдау жасалды. Зерттелген аумақтардағы метеорологиялық факторларды зерттеу климаттың жылыну теориясы жаһандық үрдісіне сәйкес, осы аумақтарға тән ауа райы өзгерістерін байқауға мүмкіндік берді.

КӘСІПТІК ПАТОЛОГИЯ

94-102 12
Аннотация

Дәлелді медицинаның негізгі принциптерін дәрігерлерге оқыту, ішкі уәждеменің жылдам өсуіне әкелді. Кәсіби қызметтің ішкі уәждемелері және «жалпы атқарған жұмыспен қанағаттану», «шығармашылық мүмкіндік», «тұлға үшін кәсіптің маңыздылығы» көрсеткіштері арасында Чеддок шкаласы бойынша (p<0,05) тікелей, жоғары тәуелділік анықталды. Ішкі уәждеме мен «еңбек ақы көлемі», «санитариялық-гигиеналық жағдайлар», «әріптестермен қарым-қатынас» арасында айтарлықтай байланыс анықталған жоқ.



ISSN 1727-9712 (Print)