Preview

Еңбек гигиенасы және медициналық экология

Кеңейтілген іздеу
№ 2 (2016)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

БАСТЫ МАҚАЛАЛАР

3-11 23
Аннотация

   Мақалада ҚР ДС және ӘДМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМҚК көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына пациенттердің қанағаттанушылығын бағалау мақсатында, жүргізілген маркетингтік зерттеулердің нәтижелері ұсынылған.

12-16 21
Аннотация

   Мақала 2015 жылға арналған Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығының сапа менеджменті жүйесінің жұмыс істеуіне талдау көрсетілген.

ШОЛУ

17-29 16
Аннотация

   Мақалада экологиялық тәуелді ауруларды анықтау барысында талдаудың әдістері мен тәсілдеріне шолу жасалды. Аймақтағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бағалаудағы жүйелі тәсілдердің алгоритмдері сипатталды. Сұраныстағы статистикалық әдістердің, графикалық-аналитикалық модельдердің түрлері қаралды. Экологиялық қолайсыз муниципиалдық аудандарда жүргізілген кешенді мониторинг нәтижелеріне мысалдар келтірілді.

ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ

30-38 23
Аннотация

   Жоғары білікті дәрежедегі спортшыларда миокард жасушасының электрлік белсенділігінің көрсеткіштері жүйеленген. Диагнозды анықтау үшін қажетті мамандардың кеңестері мен клиникалық тексерулері ескере отырып, физикалық жүктемемен күйзеліс тесттін орындағаннан кейінгі ырғаққа, процессте, дем алу барысындағы электрокардиограмма талдауларына негізделген градация. Диагностикалық қорытындымен спортшылардың клиникалық жағдайы мен миокард жасушасының электрлік белсенділігінің көрсеткіштері түсіндіріліп берілді. Ұсыныстар қорытындысымен физиологиялық, патология алды және патология жағдайына дербес компьютердің көмегімен цифрлық кодтау алгоритмі әзірленді.

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ

39-46 38
Аннотация

   Мақалада ретроспективті талдау жасалып, жыларалық орташа температура көрсеткіші бойынша суық мерзімде (қантар 0,6 0С, ақпан 1,5 0С, желтоқсан 2,5 0С) 1,7 0С жылынғаны анықталды. Қысқа мерзімді зерттеу нәтижесі бойынша суық мерзімде тәуліктік ауа температурасының қозғалысы қоршаған ортада 10 0С-дан - 12 0С-ға дейін, ауа ылғалдылығының жоғарғы мәні 64%-дан 96% аралығында болды, тәуліктік атмосфералық қысым ауытқуы 6-8 мм сын.бағ. құрады, орташа желдің жылдамдығы 13 м/с болып, көбіне желдің бағыты 41,7 % шығыстан және 23,4 % солтүстік-шығыстан соққан, бұл осы өңірдің күрт континенттік климатына сәйкес келеді.

47-52 20
Аннотация

   Мақалада ластанған аймақта (мысалға Арал қаласы) тұратын тұрғындардың электрокардиограмма өзгерістеріне қоршаған ортаның зиянды факторлары тигізетін әсерінің нәтижесіне талдау баяндалған.

52-55 19
Аннотация

   Мақалада жылдың суық және ыстық мезгілідерінде Қарағанды облысы Ұлытау кентінің топырақ жамылғысындағы химиялық ластанудың салыстыруы берілген.

55-62 15
Аннотация

   Арал маңы елді мекендеріндегі экологиялық жағдайға кешенді баға берудің жаңа әдістемелік тәсілі ұсынылды. Арал қаласы, Жосалы кенті, Жалағаш кенті, Шиелі кенті дағдарысты аймақтарға (4) жатқызылды, ал Әйтеке би кенті, Арыс қаласы, Шалқар қаласы, Ырғыз кенті, Ұлытау кенті және Атасу кенті – қауіпті аймақтарға (3) жатқызылды, ал бұл болса ҚР экологиялық жағдайға баға берудің заманауи принциптеріне (Аумақтағы экологиялық жағдайды бағалаудың критерийлері 2007 жылғы 30 шілдедегі № 653 ҚР ҮБ) сәйкес келеді.

62-66 17
Аннотация

   Ақтөбе облысы Ырғыз кентінің топырақ жамылғысының құрамында ауыр металдардың бар болуына зертханалық талдау жүргізілді. Алынған нәтижелерден сульфаттар мен хлоридтердің ШРЕК көрсеткішінен жоғары, басқалары ШРЕК көрсеткіштерінен төмен немесе өзгерістер байқалған жоқ.

66-71 35
Аннотация

   Бұл мақалада Атасу кентінің жылдың суық мезгіліндегі климаттық параметрлерінің қысқа мерзімді зерттеулері көрсетілген. Зерттелген жыл мезгілінде қоршаған ортаның ауа температурасы -5 °C-тан -29 °C-қа, ауа ылғалдылығы 56 %-дан 85 %-ға дейін және желдің жылдамдығы 9 м/с жоғары ауытқығаны көрсетілген.

72-77 18
Аннотация

   Мақалада Заречный тұрғындарының фунционалдық жағдайына қоршаған орта факторларының жағымсыз әсері баяндалған. Алынған нәтижелер гемодинамиканы және жүрек ырғағының көрсеткіштері тарапынан бұзылулардың бар екенін дәлелдейді. Реттеушi жүйелердің ширығуының айқындалуы, қорғайтын механизмдердiң белсендi жұмылдыруымен, соның iшiнде симпатико-адреналды жүйесiнің белсендiлiгі және гипофиз-бүйрек үсті жүйелерінің жоғарылауымен
байланысты.



ISSN 1727-9712 (Print)