ШОЛУ
Гепатоуытты тұрақты органикалық ластаушылардың оксидативтік көрсеткіштеріне және оның өту жолдарына талдау жасалды. Оксиметилурацилге (5-гидро-6-метилурацил) ерекше көңіл бөлінді. Бауырдың токсикалық зақымдануына сукцинат, аскорбат, фумарат, глутатион және ацетилцистеинмен пиримидиндердің кешенді қоспаларына және пиримидиндердің гепатоқорғаушы әсер етуіне және антиоксидантқы құрамына жүргізілген жалпылама зерттеудің нәтижелері көрсетілген. Гепатоуытты тұрақты органикалық заттардың – хлорланған көміртек және полихлорланған бифенилдерден қорғаушы құрал ретінде пиримидиндер негізінде жаңа біркелкі антиоксиданттарға әрі қарай зерттеу жүргізу үшін негіздеме болды.
Мақалада кәсіптік қызмет барысында асқындыратын және қалыпқа келтіретін қауіпті эндогендік факторлардың әсер етуін кәсіптік қауіптің жетекші экзогендік факторларымен бірге бағалау қажет екені көрсетілген. Адам ағзасының физиологиялық функциялары оңай өлшенетін, сезімтал және қайтымды биомаркерлерге жатады, сондықтан оны ЖКҚ проблемаларын әзірлеу барысында жиі қолданады. ЖКҚ бағалауға негізделіп, жеке қауіпсіз еңбек өтілін есептеу, әр жұмысшы үшін денсаулықты сақтаудың тиімді іс-шаралары болып табылады, ал бұл ДДҰ ғаламдық стратегиясына сәйкес келеді.
ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ
Мақалада Оңтүстік Қазақстан облысы Ақсукент ауылы аумағындағы көлік ағынының шу деңгейін экологиялық бағалау және зерттеу нәтижелері берілді. Алынған деректер мен зерттеулер нәтижелеріне талдау жасалды.
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ
Мақалада Ыргыз кенті тұрғындарын ауыз сумен жабдықтау жағдайына субъективтік бағалау бойынша деректер ұсынылды. Ауыз су - халықтың өмірін қамтамасыз ететін қажетті элемент, оның сапасына адамдар денсаулығының жағдайы, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық деңгейі, қоғамдық әлеуметтік тұрақтылық байланысты.
Бұл мақалада Арал маңындағы: апатты, дағдарысты және дағдарыс алды аймақтарында тұратын халықтың тамақтану ерекшелігіне салыстырмалы талдау жасалған. Интегралдық көрсеткіштердің бірі экологияның қолайсыздығы тамақтану ережесінің бұзылуына себеп болып келеді.
Мақалада экологиялық қолайсыз аймақтағы жүйке жүйесі аурушаңдығын салыстыру аспектілері көрсетілген. Арал өңірінің он елді мекені және аудандардың орналасу жерлері, яғни Қазақстанның апаттық аймақтары (Арал қаласы, Әйтеке би кенті және Шалқар қаласы), дағдарысты аймақтары (Шиелі кенті, Жалағаш кенті, Жосалы кенті) дағдарыс алды аймақтары (Ырғыз кенті, Арыс қаласы, Ұлытау кенті) және салыстырмалы бекеті (Атасу кенті) талдаудан өтті. Тексеруден өткен тұрғындар арасында аурушаңдылыққа баға берілді, осы өңірлердегі басымды патологиялар анықталды.
Арыс қ. аумағы қатаң-континенталды климатқа ұқсас болғанымен континенталды климат типіне жатады. Қысы қысқа, қоңыржай жылы, ылғалдылығы 89% дейін жоғарылай отырып, +8,4°С-қа дейін жылынады және –13,3°С-қа дейін суытады. Жазы ыстық, ұзақ, ауа температурасы +38°С-қа дейін, ауасы құрғақ (25- 45%), атмосфералық жауын-шашындары шамалы (42-161 мм) болады.
Мақалада Қызылорда облысының экологиялық қолайсыз аудандарында тұратын жасөспірімдер арасында сырқаттанушылықтың құрылымы мен таралуы талданды. Зерттеулер Арал өңіріндегі елді мекендерде (Арал қаласы, Әйтеке би кенті, Жалағаш кенті, Жосалы кенті, Шиелі кенті) жүргізілді. Әртүрлі кластағы болжам экологиялық тәуелді аурулардың жетекші патологиясы ұсынылды. Жасөспірім сырқаттанушылығына қолайсыз экологиялық факторлардың тікелей және жанама әсер етуі күдікті қоршаған орта аурулардың тобының бес жетекші класс бөлігі дәлелдеме болуы мүмкін. Ретроспективті көрсеткіштер талдауы 10 жылды құрайды, яғни, 2004 жылдан 2013 жылдар кезеңі.
Ауа-райының климаттық жағдайлары адамның барлық өмірінің өмір сүру жағдайын анықтайтын қоршаған ортадағы ең маңызды факторлардың бірі болып табылады. Табиғи ортаның компоненттеріне сапалы және мөлшерлі түрде баға беруге қойылатын талаптардың артуы зерттелетін аумақтың климаттық көрсеткішін зерттеу өзектілігімен түсіндіріледі, себебі адамның тұрғылықты мекен-жайының климаттық-экологиялық жағдайы, көбінесе оның өмір сүру қабілетінің аспектісін анықтайды.
Түркістан қаласының метеорологиялық факторларын кешенді зерттеу нәтижелері бойынша тәулік температурасының күрт өзгеруі (130С), ауа ылғалдылығының жоғарғы көрсеткіші (96%) және желдің жылдымдығы (6 м/с) анықталды.
Мақалада Шығыс-Қазақстан облысы Риддер қаласының ауыз суы мен ашық жер беті суы жағдайына ретроспективті талдау жасалды және баға берілді. Ауыз судың ластану индексі (СЛИ) 0,21 с.б. (су сапасы жағынан 2 класты) құрады, ол ауыз судың таза екенін көрсетеді Жалпы судың ластану индексі (СЛИ): ашық жер беті суы бойынша 1,4 с.б., ол судың орташа ластанғанын көрсетеді (су сапасы жағынан 3 класты).
Бұл жұмыста қолайсыз экологиялық факторлардың Арыс қаласында тұратын халық денсаулығының функционалды жағдайына әсері бағаланған. Алынған мәліметтер денсаулығы преморбидті жағдайдағы топтардың қанағаттанарлықсыз бейімделуі, олардың функционалды жүйесінің қатты ширығуының нәтижесінен болып табылады.